7. Жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының құны туралы екi жақты келiсiмге қол жеткiзiлген кезде, негiзгi мiндеттеменi қамтамасыз ету үшiн кепiлге берушi мен кепiл ұстаушы арасында жер учаскесiн немесе жер пайдалану құқығын кепiлге салу туралы шарт екi дана етiп жасалады.
8. Ипотека туралы шартта жер учаскесiн немесе жер пайдалану құқығын кредиторға немесе үшiншi тұлғаларға берудi, мақсатына сәйкес ипотека туралы шарт бойынша кепiлге салынған меншiктегi немесе жер пайдаланудағы жер учаскесiн кепiлге берушiнiң және (немесе) үшiншi тұлғалардың оны пайдалану құқықтарын шектеудi, сондай-ақ бұл учаскеден жемiс және табыс алуды көздеуге болмайды.
9. Алып тасталды - ҚР 2007.07.06. N 279 Заңымен
10. Егер кепiл туралы шартта өзгеше белгiленбесе, жер учаскесiне құқық белгiлейтiн және сәйкестендiру құжаттары кепiл ұстаушыға немесе сенiм бiлдiрiлген тұлғаға берiледi.
11. Кепiл жер учаскесi орналасқан жер бойынша жылжымайтын мүлiкке құқықты тiркейтiн органдарда мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап жер учаскесiн кепiлге салу құқығы немесе жер пайдалану құқығы туындайды.
12. Борышкер негiзгi мiндеттеменi орындамаған жағдайда кепiл ұстаушы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өз талаптарын қанағаттандыруға құқылы.
Ескерту. 79-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.07.06 N 279 , 2007.07.26 N 311 , 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
80-бап. Жер учаскесiн немесе жер пайдалану құқығын
кепiлге салуды тiркеу
Жер учаскесiн немесе жер пайдалану құқығын кепiлге салу жылжымайтын мүлiкке құқықты тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
Ескерту. 80-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.07.26 N 311, 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
9-тарау. Жер учаскесiне меншiк құқығын, жер пайдалану
құқығын және өзге де заттық құқықтарды тоқтату
81-бап. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығын немесе жер
пайдалану құқығын тоқтату негiздерi
1. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы:
1) меншiк иесi - жер учаскесiн немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқығын иелiктен шығарып басқа тұлғаларға берген;
2) меншiк иесi меншiк құқығынан немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқығынан бас тартқан;
3) жер учаскесiне меншiк құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда айырылған ретте тоқтатылады.
2. Меншiк иесiнен жер учаскесiн және жер пайдаланушыдан жер пайдалану құқығын олардың келiсiмiнсiз алып қоюға:
1) меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының мiндеттемелерi бойынша жер учаскесiнен немесе жер пайдалану құқығынан өндiрiп алу жүргiзiлген;
2) жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарылған;
3) осы Кодекстiң 92 және 93-баптарында көзделген жағдайларда, мақсатына сай пайдаланылмай отырған немесе Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскесi меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойылған;
4) радиоактивтi ластануға ұшыраған жер учаскесi оның меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан, құны тең жер учаскесi берiле отырып, мәжбүрлеп иелiктен шығарылған;
5) тәркiленген реттен басқа жағдайларда жол берiлмейдi.
3. Жер пайдалану құқығы бұдан басқа да мынадай негiздер бойынша тоқтатылуы мүмкiн:
1) учаске берiлген мерзiмнiң өтуi;
2) жер учаскесi кепiлде тұрған жағдайларды қоспағанда, жер учаскесiн жалға беру шартының немесе өтеусiз уақытша жер пайдалану шартының мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы;
3) жер пайдаланушыға қызметтiк жер телiмiн берумен байланысты туындаған еңбек қатынастарының тоқтатылуы (осы Кодекстiң 41-бабы).
Ескерту. 81-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.07.06 N 279 , 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
82-бап. Жеке меншiк құқығынан немесе жер пайдалану
құқығынан бас тарту
1. Меншiк иесi бұл туралы жария етiп, не жер учаскесiне қатысты өзiне тиесiлi құқығын сақтау ниетiнсiз одан бас тартатынын айқын бiлдiретiн басқа да iс-әрекет жасап, өзiне тиесiлi жер учаскесiне меншiк құқығынан бас тарта алады.
Уақытша жер пайдалану құқығынан немесе жеке меншiктегi жер учаскесiн уақытша пайдалану құқығынан бас тарту жалдау шартын немесе өтеусiз уақытша жер пайдалану туралы шартты тоқтату үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Меншiк иесi жер учаскесiне меншiк иесi құқығынан бас тартқан жағдайда, бұл жер учаскесi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 242-бабына сәйкес иесi жоқ жылжымайтын зат ретiнде есепке алынады.
Мұндай жер учаскесi иесi жоқ жылжымайтын зат ретiнде есепте болған кезiнде басқа тұлғаға уақытша жер пайдалануға берiлуi мүмкiн.
3. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығынан ерiктi түрде бас тартқан кезде, жер учаскесi меншiк иесiнiң нотариат куәландырған жазбаша өтiнiшi жер учаскесiн иесi жоқ жылжымайтын зат ретiнде есепке алуға негiз болып табылады.
4. Осы баптың қағидалары жер пайдаланушылар жер пайдалану құқығынан бас тартқан жағдайларға да қолданылады.
Ескерту. 82-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.07.06 N 279 , 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
83-бап. Меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының
мiндеттемелерi бойынша жер учаскесiнен немесе
жер пайдалану құқығынан өндiрiп алу
Меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының мiндеттемелерi бойынша жер учаскесiнен немесе жер пайдалану құқығынан өндiрiп алу кезiнде (осы Кодекстiң 63-бабы) меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы ауысатын тұлғаның алып қойылған жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы туындаған кезден бастап тоқтатылады.
Кепiлге берушiнiң өтiнiшi бойынша сот дәлелдi себептер болған кезде (дүлей апат және өзге де төтенше жағдайлар), сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер кепiлге салынған жағдайда, кепiлге салынған жер учаскесiнен (жер пайдалану құқығынан) өндiрiп алу туралы шешiмде оның сатылуын бiр жылға дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдыруға құқылы.
84-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп
иелiктен шығарудың жалпы ережелерi мен
принциптерi
1. Жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн ерекше жағдайларда, бұл мұқтажды өзге де тәсiлмен қанағаттандыру мүмкiн болмаған және мүлiктi меншiк иесiнiң немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушының келiсiмiмен тең құны өтелген кезде не сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп иелiктен шығарылуы мүмкiн.
2. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару үшiн мыналар:
1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған шарттардан туындайтын халықаралық мiндеттемелер;
2) қорғаныс, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мұқтажы, жер учаскесiн сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер құрамына енгiзу қажеттiгi және арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы мен жұмыс iстеуi;
3) пайдалы қазба кен орындарының табылуы және оларды қазу;
4) автомобиль және темiр жолдардың құрылысы (реконструкциясы), әуежайлар, әуеайлақтар, аэронавигация объектiлерi және авиатехникалық орталықтар, темiржол көлiгi объектiлерi, көпiрлер, метрополитендер, тоннельдер, энергетика жүйесi мен электр тарату желiлерi, байланыс желiлерi объектiлерi, ғарыш қызметiн қамтамасыз ететiн объектiлер, магистральдық құбырлар, инженерлiк-коммуникациялық желiлер, концессиялық жобаларды iске асыру, елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы объектiлердiң құрылысы (реконструкциясы);
5) осы бапта белгiленген ерекше жағдайлардың тiзбесiне жатқызылатын объектiлердiң құрылысы бойынша елдi мекендердiң бас жоспарларын орындау, сондай-ақ мемлекеттiк бағдарламаларда көзделген объектiлердi бюджет қаражаты есебiнен салу ерекше жағдайлар болып табылады.
3. Егер жер пайдаланушы берiлген құқықты мемлекеттен сатып алмаған болса, жер пайдалануға берiлген жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару - жер пайдалану құқығы сатып алынбай жүзеге асырылады, ал егер ол жер пайдалану құқығын сатып алған болса, осы Кодекске және «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер пайдаланушыға залалдар толық көлемiнде өтеледi, оның қалауы бойынша басқа жер учаскесi берiлуi мүмкiн.
4. Жер учаскесiн мәжбүрлеп иелiктен шығаруға, мемлекет мұқтажын қанағаттандыру үшiн қаншалықты қажет болса, сондай көлемде ғана жол берiледi.
5. Мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың коммерциялық мақсаттарын және мемлекеттiк емес мүдделердi қанағаттандыру мақсаттарын көздейтiн кез келген иелiктен шығару не мемлекеттiк функцияларды жүзеге асырудан туындамайтын және қоғамдық маңызы бар мақсаттарды көздемейтiн өзге де иелiктен шығару жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару болып танылмауға тиiс.
6. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару иелiктен шығару рәсiмiнiң жариялылығы сақталған кезде жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның жер учаскесiн мәжбүрлеп иелiктен шығарудың басталуы туралы қаулысы оны қабылдаған сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде тиiсiнше республикалық немесе жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
7. Осы баптың ережелерiн орындамау жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарудан соттың бас тартуына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарудың басталуы туралы қабылдаған қаулысының күшiн жоюға негiз болып табылады.
8. Жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн иелiктен шығарылатын тұлғалардың құқықтарын қорғау сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.
9. Мемлекет мұқтажы үшiн иелiктен шығарылатын жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы осы Кодекске сәйкес жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарудың басталуы туралы қаулы қабылданғаннан кейiн «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауында белгiленген тәртiппен келiсiм рәсiмдерiне бастама жасауға құқылы.
Ескерту. 84-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
85-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп
иелiктен шығару
1. Жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауында белгiленген мерзiмде және тәртiпте мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы жазбаша хабардар етiлуге тиiс.
Жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап мемлекет оны сатып алудың басым құқығына ие болады.
2. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Жер учаскесi меншiк иесiнiң меншiк құқығының және мемлекеттiк емес жер пайдаланушының жер пайдалану құқығының тоқтатылуы жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн сатып алу туралы шарттың немесе жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы сот шешiмiнiң негiзiнде жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуге жатады.
Ескерту. 85-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
86-бап. Меншiк иесiнiң немесе мемлекеттiк емес жер
пайдаланушының жер учаскесiн мемлекет мұқтажы
үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару кезiндегi
құқықтары
1. Меншiк иесi немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару рәсiмiнiң басталуы туралы хабарлама алған күннен бастап жер учаскесiне мемлекеттiк меншiк құқығы мемлекеттiк тiркелгенге немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылғанға дейiн жер учаскесiне және өзге де жылжымайтын мүлiкке өзiне тиесiлi құқықты жүзеге асыруға, осы мүлiктi оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануды қамтамасыз ететiн қажеттi шығындарды жасауға құқылы. Бұл ретте меншiк иесi немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы көрсетiлген кезеңде осындай жер учаскесiндегi жаңа құрылысқа, үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) және өзге де жылжымайтын мүлiк объектiлерiн кеңейтуге немесе реконструкциялауға байланысты шығындар мен залалдарды өзi көтеруге тәуекел жасайды.
Егер меншiк иесi немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы жер учаскесiнiң бiр бөлiгi мемлекет мұқтажы үшiн иелiктен шығарылғаннан кейiн қалған бөлiгiн бұрынғы нысаналы мақсаты бойынша пайдалана алмаса, онда бүкiл жер учаскесi сатып алынады.
2. Жер учаскесiне және өзге де жылжымайтын мүлiкке құқықтар осы баптың 1-тармағында көрсетiлген уақыт iшiнде басқа тұлғаға иелiктен шығару жолымен немесе өзге де негiздер бойынша ауысқан кезде, сондай-ақ әмбебап құқықтық мирасқорлыққа байланысты құқық иеленушi ауысқан кезде жер учаскесiн мәжбүрлеп иелiктен шығару рәсiмi жаңа құқық иеленушiге де қатысты қолданылады (жалғасады).
Ескерту. 86-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
87-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп
иелiктен шығарған кезде оның құнын өтеу
Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарған кезде оның құнын өтеу мөлшерi, төлем нысандары және төлеу мерзiмдерi «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауында белгiленедi.
Ескерту. 87-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
88-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн сот шешiмi
бойынша алып қою
1. Егер меншiк иесi немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарудың басталуы туралы қаулымен келiспесе не алып қойылатын жер учаскесiнiң құны немесе басқа шарттар туралы онымен келiсiмге қол жеткiзiлмесе, жергiлiктi атқарушы орган жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы талап-арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
2. Жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы хабарламаны алған сәттен бастап үш ай өткен соң, бiрақ, жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарудың басталуы туралы қаулыда көрсетiлген мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығаруды жүзеге асыру мерзiмiнен (күнiнен) кешiктiрiлмей жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы талап-арыз келтiрiлуi мүмкiн.
3. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы талап-арыз бойынша азаматтық iстер iстi сотта қарауға дайындау аяқталған күннен бастап бiр ай мерзiмде қаралады және шешiледi.
Ескерту. 88-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
89-бап. Мемлекеттiк қажеттiктер үшiн мемлекеттiк жер
пайдаланушыдан жер учаскесiн алып қою
Мемлекеттiк қажеттiктер үшiн мемлекеттiк жер пайдаланушыдан жер учаскесiн алып қою оны алып қоюды жүзеге асыратын атқарушы органның бiржақты шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.
Мұндай шешiмге жоғары тұрған органға не сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн. Шағым беру алып қою туралы шешiмнiң орындалуын тоқтата тұрады.
90-бап. Жекелеген санаттағы жердi алып қоюды шектеу
Суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарын, ауыл шаруашылығы, биологиялық және ирригациялық-мелиорациялық, балық шаруашылығы бағдарындағы ғылыми-зерттеу және оқу орындарының тәжiрибелiк алаңдарының, орман және су қорларының жерлерiн алып қоюға ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге, халықаралық мiндеттемелердi орындауға, учаскенiң астынан бағалы пайдалы қазбалардың кен орнының табылуына, жол, электр тарату желiлерiн, байланыс желiлерi мен магистральды құбырларды, елдi мекендердiң ортақ пайдаланудағы инженерлiк-коммуникациялық желiлерiн салуға, сондай-ақ мемлекеттiк маңызы бар объектiлердi ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмаған кезде оларды салуға байланысты ерекше жағдайларда ғана жол берiледi.
Ескерту. 90-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.07.06 N 279 Заңымен.
91-бап. Төтенше жағдайлар кезiнде жер учаскесiн
уақытша алып қою
1. Дүлей апаттар, соғыс жағдайындағы режим, авариялар, эпидемиялар, iндеттер жағдайында және өзге де төтенше жағдайлар кезiнде жер учаскесi жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға олардың шеккен шығыны өтеле отырып, олардан қоғам мүддесi үшiн уақытша алып қойылуы мүмкiн. Меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының шеккен шығынын өтеу бағасы сот тәртiбiмен даулануы мүмкiн.
2. Төтенше жағдайдың қолданылуы тоқтатылған кезде жер учаскесi меншiк иесiне (жер пайдаланушыға) қайтарылуға тиiс және дау туындаған жағдайда ол сот тәртiбiмен оның қайтарылуын талап етуге құқылы.
3. Жер учаскесiн меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға қайтару мүмкiн болмаған жағдайда жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының құны өтеледi.
4. Жер учаскесiн уақытша алып қойған кезде мүлiктi, соның iшiнде жылжымайтын мүлiктi реквизициялау тәртiбi Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының нормалары бойынша жүзеге асырылады.
92-бап. Мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер учаскесiн
меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан
мәжбүрлеп алып қою
Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне не тұрғын үй құрылысына немесе өзге де құрылысқа арналған жер учаскесi екi жыл iшiнде (егер Қазақстан Республикасының заңдарында неғұрлым ұзақ мерзiм көзделмесе) тиiстi мақсатында пайдаланылмаған жағдайларда, ондай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойылуға жатады. Бұл кезеңге мұндай учаскенi игеруге қажеттi уақыт, сондай-ақ дүлей апаттар салдарынан немесе осылайша пайдалануға мүмкiндiк бермеген өзге де мән-жайларға байланысты аталған учаскенi мақсаты бойынша пайдалану мүмкiн болмаған уақыт кiрмейдi.
Жер учаскелерiн игерудiң шарттары мен мерзiмдерi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен белгiленедi.
Ескерту. 92-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.07.06 N 279 , 2007.07.21 N 297 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
93-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза
отырып пайдаланылған жер учаскесiн меншiк
иесiнен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп
алып қою
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 |



