2-тарау. Мемлекеттiк органдардың жер қатынастары
саласындағы құзыретi
13-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
1) Республиканың жер қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
2) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi басқа да iс-шаралардың кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын сақтау мен арттыру, жер ресурстарын қорғау жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу;
3) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге, халықаралық мiндеттемелердi орындау мен жердi қорғаныс мұқтажы үшiн пайдалануға байланысты жағдайларда барлық санаттағы жерден жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшiн алып қою;
3-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынысы бойынша босалқы жерге ауыстыру және оның тәртiбiн бекiту ;
4) жер учаскесiне меншiк құқығына және жердi пайдалану құқығына берiлетiн құжаттардың нысандарын бекiту ;
4-1) жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiне құқық беру ережелерiн бекiту;
5) облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың шекарасын өзгерту мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарын келiсу, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалар төңiрегiнде қала маңы аймақтарын белгiлеу мен өзгерту; P080517
6) жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру тәртiбiн, республикалық және халықаралық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн бекiту ;
7) мемлекеттiк жер кадастры мен жер мониторингiн жүргiзу тәртiбiн бекiту;
8) алып тасталды - ҚР 2006.01.31 N 125 Заңымен;
9) облыстардың және астананың, республикалық маңызы бap қалалардың арасындағы жер қатынастарын реттеу;
10) оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функциялар.
Ескерту. 13-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.07.05 N 162, 2007.07.06 N 279, 2008.12.01 N 94-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
14-бап. Орталық уәкiлеттi органның және оның аумақтық
органдарының құзыретi
1. Орталық уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) жер заңнамасын қолдану iс-тәжiрибесiн жинақтау және оны жетiлдiру;
2) жер қатынастарын реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзу;
3) мемлекеттiк жер кадастры мен жер мониторингiн жүргiзудiң дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
4) жерге орналастыру және мемлекеттiк жер кадастры жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту;
5) жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiне қатысты республикалық бағдарламаларға, жобалар мен схемаларға сараптама жүргiзу;
6) орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасау;
7) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi паспортының нысанын бекiту;
8) жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымын, құрамын, мазмұнын және нысандарын белгiлеу;
9) жер мониторингiн жүргiзудi ұйымдастыру;
10) мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi ұйымдастыру және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер балансының деректерi негiзiнде Қазақстан Республикасының жер балансын жасау;
11) өз құзыретiне кiретiн жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшiн алып қою, жердi бiр санаттан басқасына ауыстыру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындау;
12) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
13) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленген Каспий теңiзi түбiнiң қазақстандық учаскесi шегiнде келiсiм-шарттық аумақтан тыс мұнай-газ құбырын салуға қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi, төтенше жағдайлар, сауда мақсатында теңiзде жүзу салаларындағы және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен сыртқы саяси қызметтi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың келiсiмiмен рұқсат беру;
14) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкiлеттi органдарының жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша қабылдаған шешiмдерiнiң заңдылығын бақылау;
15) жер заңнамасы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау;
16) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлеу және бекiту;
17) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органының құзыретiне:
1) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
2) осы Кодекстiң 14-1-бабы 2-тармағының 20) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жердi анықтау;
3) анықталған жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнiнде орындалуы мiндеттi нұсқамалар беру;
4) жер заңнамасы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау;
5) осы Кодекстiң 16-бабы 2-тармағының 2-2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап-арыз дайындау;
6) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) жерiнiң мониторингiн жүргiзудi ұйымдастыру;
7) жер кадастрының дұрыс жүргiзiлуiн бақылау;
8) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектiлердi пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар жер заңнамасын, жердi пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүргiзiлсе, оларды тоқтата тұру жатады.
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.07.06 N 279, 2007.07.21 N 297 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 , 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
14-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) уәкiлеттi органдарының құзыретi
1. Облыстың уәкiлеттi органының құзыретiне:
1) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану және магистральды құбырлар, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн салу, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру әрi кеңейту мақсатында жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кең орындарын (кең таралғанынан басқасын) қазуға, магистральды құбырлар салу, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру әрi
кеңейту үшiн жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
2) облыстың жергiлiктi атқарушы органының мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжiрибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттiк тұқым өсiру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерiн беру жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
3) барлық түрдегi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру үшiн жердi резервтеу жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;
4) өз құзыретi шегiнде мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту;
5) өз құзыретi шегiнде жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау;
6) жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру және жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту;
7) жердi аймақтарға бөлу жобаларын және облыстың жерiн ұтымды пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзiрлеудi ұйымдастыру;
8) өз құзыретi шегiнде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргiзудi ұйымдастыру;
9) жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiне қатысты облыстық, қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргiзу;
10) өз құзыретi шегiнде жер учаскесiн сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жердi уақытша өтеусiз пайдалану шарттарын жасасу;
11) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) деректерi негiзiнде облыстың жер балансын жасау;
12) жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзудi лицензиялау;
13) осы Кодекстiң 71-бабына сәйкес облыстың жергiлiктi атқарушы органының iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беруi жөнiнде ұсыныстар дайындау;
14) ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;
15) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер учаскесiне құқық беру туралы шешiмi негiзiнде жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттары беру жатады.
2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың уәкiлеттi органының, оның әкiмшiлiк бағынысына берiлген аумақтағы құзыретiне:
1) жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзудi лицензиялау;
2) осы Кодекстiң 71-бабына сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беруi жөнiнде ұсыныстар дайындау;
3) ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;
4) барлық түрдегi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру үшiн жердi резервтеу жөнiнде ұсыныстар дайындау;
5) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер балансын жасау;
6) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының жер учаскелерiн беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
7) жер учаскелерiнiң бар немесе жоқ екендiгi туралы анықтамалар беру;
8) республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органының жер учаскесiне құқық беру туралы шешiмi негiзiнде жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттарын беру;
9) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорттарын беру;
10) жер учаскесiн сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жердi уақытша өтеусiз пайдалану шарттарын жасасу;
11) иесi жоқ жер учаскелерiн анықтау және оларды есепке алу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
12) мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiнде ұсыныстар дайындау;
13) жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау;
14) мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту;
15) жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру және жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту;
16) жердi аймақтарға бөлу жобаларын және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жерiн ұтымды пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзiрлеудi ұйымдастыру;
17) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргiзудi ұйымдастыру;
18) жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiне қатысты бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргiзу;
19) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектiлерiнiң есебiн жүргiзу;
20) мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жерлердi анықтау жатады.
3. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкiлеттi органдарының аудан шекарасы, қала шекарасы (шегi) шебiндегi және оның әкiмшiлiк бағыныстылығына берiлген аумақтағы құзыретiне:
1) иесi жоқ жер учаскелерiн анықтау және оларды есепке алу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының жер учаскелерiн беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
3) мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiнде ұсыныстар дайындау;
4) жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау;
5) мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту;
6) жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру және жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту;
7) жердi аймақтарға бөлу жобаларын және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жерiн ұтымды пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзiрлеудi ұйымдастыру;
8) елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;
9) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргiзудi ұйымдастыру;
10) жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiне қатысты қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргiзу;
11) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер балансын жасау;
12) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектiлерiнiң есебiн жүргiзу;
13) жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттарын беру;
14) жер учаскелерiнiң бар немесе жоқ екендiгi туралы анықтамалар беру;
15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорттарын беру;
16) жер учаскесiн сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жердi уақытша өтеусiз пайдалану шарттарын жасасу;
17) осы Кодекстiң 71-бабына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беруi жөнiнде ұсыныстар дайындау;
18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiнде ұсыныстар дайындау жатады.
Ескерту. 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - 2007.07.06 N 279, 2007.07.21 N 297 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
15-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдар мен жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органдарының құзыретi
1. Жергiлiктi өкiлдi органдардың тиiстi аумақтарда жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
1) басқа да табиғат қорғау iс-шаралары кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды бекiту;
2) ауылдық (селолық) атқарушы органдардың қарамағына берiлген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елдi мекендер аумағында жер шаруашылық орналастыру жоспарларын бекiту;
3) алып тасталды - 2006.01.10. N 116 Заңымен.
4) жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуының жай-күйi туралы есептерiн тыңдау;
5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген құзыретi шегiнде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арасындағы шекараны белгiлеу туралы шешiмдер қабылдау;
5-1) қала маңындағы аймақтардың шекараларын осы Кодекстiң 110-бабына сәйкес бекiту;
5-2) жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн сатып алу туралы шарттардың жобаларын келiсу;
6) алып тасталды - ҚР 2006.01.10. N 116 Заңымен.
2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары жер қатынастарын реттеу саласында Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өкiлеттiктер шегiнде тұрғын халықтың жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешуге қатысуын қамтамасыз етедi.
Ескерту. 15-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.07.06 N 279, 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
16-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергiлiктi атқарушы органының
құзыретi
1. Облыстың жергiлiктi атқарушы органының құзыретiне мыналар жатады:
1) басқа да табиғат қорғау iс-шаралары кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөнiндегi облыстық (қалалық) бағдарламаларды әзiрлеп, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi органның бекiтуiне енгiзу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
1-1) аудандық маңызы бар қалалар маңындағы аймақтардың шекараларын облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiтуге табыс ету;
2) жер қойнауын пайдалану, магистральдық құбырлар, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлерiн салу мақсаттары үшiн жер учаскелерiн беру, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындарын әзiрлеуге, магистральдық құбырлар салу, "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық стратегиялық жобаларды iске асыру үшiн жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару;
3) ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерiн беру;
4) осы Кодекстiң 71-бабының 2-тармағына сәйкес iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беру;
5) мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжiрибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттiк тұқым өсiру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерiн беру;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық түрлерiн құру үшiн жердi резервте сақтау;
7) осы Кодекстiң 13-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге байланысты жағдайларда жердiң барлық санаттарынан жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшiн алып қою;
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 |



