3. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда, оған тиесiлi жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарының нормаларына және осы Кодекске сәйкес құқық мирасқорына көшедi.

  41-бап. Қызметтiк жер телiмi

  1. Қызметтiк жер телiмi ұзақ мерзiмдi уақытша өтеусiз жер пайдаланудың ерекше бiр түрi болып табылады.

  2. Қызметтiк жер телiмiне құқығы бар қызметкерлер санаттарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

  3. Қызметтiк жер телiмi осы телiмге құқығы бар адамдар жұмыс iстейтiн мемлекеттiк заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы жерден бөлiнедi.

  4. Қызметтiк жер телiмi қызметтiк тұрғын үйдi күтiп-ұстау, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, шөп шабу және мал жаю үшiн берiледi.

  5. Қызметтiк жер телiмi кейiнгi уақытша өтеусiз жер пайдалануға жатады және жұмысқа байланысты бөлiнген кезеңге берiледi. Қызметтiк жер телiмiне ауыл шаруашылығы дақылдары егiлген жағдайда, жұмыстан босатылған қызметкердiң қызметтiк жер телiмiн пайдалану құқығы өнiм жинап алынғаннан кейiн тоқтатылады.

  6. Қызметтiк жер телiмi:

  1) жасы немесе мүгедектiгi бойынша зейнеткерлiкке шыққан соң еңбек қатынастарын тоқтатқан қызметкерлерде;

  2) Қарулы Күштер қатарына мiндеттi мерзiмдi қызметке шақырылған немесе оқуға түскен қызметкерлердiң отбасында - бұл қызметкерлердiң мiндеттi қызметте немесе оқу орнында болған бүкiл мерзiмiне;

  3) қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты қаза тапқан қызметкерлердiң отбасында: жұмысқа жарамсыз жұбайы мен қарт ата-аналары үшiн - өмiр бойы, балалары үшiн - олар кәмелетке толғанға дейiн сақталады.

  7. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес қызметтiк тұрғын үй-жайда тұру құқығы сақталатындығына қарай, қызметтiк тұрғын үйдi күтiп-ұстауға арналған учаске түрiндегi қызметтiк жер телiмiне құқық та сақталады.

  8. Қызметтiк жер телiмi тәртiбiмен жер учаскесiн беру қызметкер мен заңды тұлға әкiмшiлiгiнiң арасында жасалатын қызметтiк жер телiмiн беру туралы шарт негiзiнде жүзеге асырылады.

  9. Қызметтiк жер телiмiн пайдалану құқығына қатысты қандай да болсын мәмiле жасасуға жол берiлмейдi.

5-тарау. Жер учаскесi - меншiк құқығының,
жер пайдалану құқығының және өзге де заттық
құқықтардың объектiсi ретiнде

  42-бап. Жер учаскесiне құқық шектерi

  1. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскесiне құқық осы учаске шекарасындағы топырақтың үстiңгi қабатына, тұйық су айдындарына, екпелерге қолданылады.
  Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының топырақ қабаты астындағы жер қойнауын пайдалануы жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына сәйкес және жер қойнауы саласындағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады. Кең тараған пайдалы қазбаларды өндiруге және жеке қажетке жер асты суларын алуға жер қойнауын пайдалану құқығын табыстау қойнауында кең тараған пайдалы қазбалар және жер асты сулары бар жер учаскелерiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға берумен бiр мезгiлде жүргiзiледi.

  2. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар өздерiне тиесiлi жер учаскелерiне құқықтарын өз қалауынша жүзеге асырады.
  Жер учаскелерiне меншiк иелерiнiң және жер пайдаланушылардың жерге құқықтары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген негiздер бойынша шектелуi мүмкiн.

  3. Жер учаскелерiне меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне сәйкес экологиялық рұқсат алуға мiндеттi.
  Ескерту. 42-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.01.09 N 213 Заңымен.

  43-бап. Жер учаскесiне құқықты табыстау тәртiбi

  1. Мемлекеттiк меншiктегi жерден жер учаскесiне құқықты табыстау мынадай ретпен жүргiзiледi:

  1) жер учаскесiне тиiстi құқық табыстау туралы өтiнiм жасау;

  2) мәлiмделген өтiнiмдi қанағаттандыру мүмкiндiгiн анықтау (жер учаскесiн алдын ала таңдау);

  3) жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту;

  4) жер учаскесiне құқық табыстау туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ әкiмшiлiгiнiң шешiм қабылдауы;

  5) белгiлi бiр жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу;

  6) жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттарын дайындау және беру;

  6-1) уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) туралы шарт жасасу;

  7) жер учаскесiне құқықты мемлекеттiк тiркеу.

  2. Жер учаскелерiн меншiкке немесе жер пайдалануға берудi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi осы Кодексте белгiленген өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
  Арнайы экономикалық аймақтың аумағында жер учаскелерiн уақытша өтеулi жер пайдалануға (жалға) берудi арнайы экономикалық аймақтың әкiмшiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзiнiң құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
  Жер учаскесiн беру немесе жер учаскесiн беруден бас тарту туралы шешiм облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары жергiлiктi өкiлдi орган депутаттарының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органы, сондай-ақ тиiстi әкiмдiктердiң сәулет және қала құрылысы iстерi жөнiндегi құрылымдық бөлiмшелерi және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары (олар бар болса) өкiлдерiнiң арасынан құратын комиссияның қорытындысы негiзiнде қабылданады.
  Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейiнде құрылатын комиссиялардың құрамына қоршаған ортаны қорғау, ауыл және орман шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау, жер ресурстарын басқару саласындағы уәкiлеттi органдардың тиiстi аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерi де мiндеттi түрде енгiзiледi. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қалауы бойынша комиссияның құрамына басқа да адамдар енгiзiлуi мүмкiн.
  Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң жер учаскесiн беру немесе жер учаскесiн беруден бас тарту туралы шешiмi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары құратын комиссиялардың қорытындылары негiзiнде қабылданады.
  Арнайы экономикалық аймақ аумағында жер учаскесiн беру туралы мәселенi шешу кезiнде осы тармақта көзделген комиссия құрылмайды.

  3. Жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының табысталуына мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiне, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ әкiмшiлiгiне өтiнiш бередi.
  Өтiнiште: жер учаскесiн пайдаланудың мақсаты; оның болжамды мөлшерi; орналасқан жерi; сұралатын пайдалану құқығы, басқа жер учаскесiнiң (осы Кодекстiң 50-бабының 2-тармағында аталған жер учаскелерi бойынша) болуы (болмауы) көрсетiлуге тиiс. Пайдалы қазбалар шығарылатын жағдайда өтiнiмге жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың көшiрмесi қоса берiледi.
  Жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш түскен кезiнен бастап екi айға дейiнгi мерзiмде қаралады, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш үш апталық мерзiмде қаралады.
  Аталған мерзiмге осы Кодекстiң 44-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрленетiн жерге орналастыру жобасын жасау кезеңi кiрмейдi.

  4. Жер учаскесi орналасқан жердегi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкiлеттi органдары (елдi мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бiрлесе отырып) сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындайды.
  Сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгi туралы ұсыныстар әзiрлеу және комиссияның осы мәселе жөнiндегi қорытындысын әзiрлеу мерзiмi өтiнiш келiп түскен кезден бастап бiр
айға дейiнгi, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жер учаскесiне құқық беру кезiнде екi аптаға дейiнгi мерзiмдi құрайды.

  5. Нысаналы мақсатына қарай жер учаскелерiн беру ерекшелiктерi осы Кодекстiң 44 және 45-баптарына сәйкес айқындалады.

  6. Осы Кодекстiң 84-бабына сәйкес жер учаскелерiн алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшiн алып қою жағдайларын қоспағанда, жер учаскесiне құқық табыстаудан бас тарту облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң шешiмiмен, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ әкiмшiлiгiнiң шешiмiмен ресiмделедi, оның дәлелдi себептерi көрсетiлуге, ал көшiрмесi өтiнiш берушiге шешiм қабылданғаннан кейiн жетi күн мерзiмде тапсырылуға тиiс.
  Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiмi комиссияның тиiстi қорытындысы келiп түскен кезден бастап жетi күнге дейiнгi мерзiмде қабылданады.

  7. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ әкiмшiлiгiнiң жер учаскелерiне тиiстi құқықтар табыстау туралы шешiмi жерге орналастыру жобасы негiзiнде қабылданып, өтiнiш берушiге шешiм қабылданған кезден бастап жетi күн мерзiмде жер учаскесiне меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын табыстау туралы шешiмнiң көшiрмесi тапсырылады.
  Уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) туралы шарт жер учаскесiн пайдалану құқығын беру туралы шешiмнiң қабылданған күнiнен бастап күнтiзбелiк 15 күннен кешiктiрiлмей жасалады.
  Жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi жерге орналастыру iсiн өз шешiмiмен бiрге жоғары тұрған органға түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн жiбередi.
  Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың),
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң жер учаскесiне құқық беру туралы шешiмi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi уәкiлеттi органы бекiткен жерге орналастыру жобасы келiп түскен кезден бастап бiр айға дейiнгi мерзiмде, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жер учаскесiне құқық беру кезiнде жетi күнге дейiнгi мерзiмде қабылданады.
  Жеке тұрғын үй құрылысына бөлiп берiлетiн алаңда жер учаскелерiн жайластырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда әрбiр жер учаскесi үшiн жерге орналастыру жобасын жасау талап етiлмейдi.

  8. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерi және сол жер учаскелерiн жалдау құқығы осы Кодекстiң 48-бабында белгiленген ережелер ескерiле отырып, сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сату объектiлерi болуы мүмкiн.

  9. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкiлеттi органдары беретiн мынадай құжаттар:
  жер учаскесiне жеке меншiк кезiнде - жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актici; P100102
  тұрақты жер пайдалану кезiнде - тұрақты жер пайдалану құқығы актiсi; P100102
  уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) кезiнде - уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы актiсi; P100102
  уақытша өтеусiз жер пайдалану кезiнде - уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы актiсi жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттары болып табылады. P100102
  Жер учаскесiне құқықтар ауысқан кезде сәйкестендiру құжаты сатып алушыға немесе өзге құқық иеленушiге берiледi. Жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгерiстерi болмаған жағдайда, мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi жүзеге асыратын орган жаңа сәйкестендiру құжатын бермейдi, құқық иеленушi туралы жазба енгiзедi.

  10. Алып тасталды - ҚР 2006.01.10 N 116 Заңымен.

  11. Егер облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы
шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттарды берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп танылады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiктi көздейдi.
  Құқық белгiлейтiн құжаттары ресiмделмеген жер учаскелерiне қатысты мәмiлелер жасасуға жол берiлмейдi.

  12. Жер учаскелерiн Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес мұрагерлiк тәртiбiмен алған кәмелетке толмаған адамдарға жер учаскелерiне құқықты ресiмдеу жағдайларын қоспағанда, жер учаскелерiне құқық кәмелетке толған адамдарға табысталады. Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерi бұл жер учаскелерiн мұрагерлер кәмелетке толғанға дейiн жалға беруге құқылы.

  13. Қазақстан Республикасының мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқық беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.
  Ескерту. 43-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз), 2006.07.05 N 158 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2007.04.01 өзiнiң қолданылуын тоқтатады), 2007.07.06 N 275, 2007.07.06 N 279, 2007.07.26 N 311, 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10. N 180-IV, 2011.03.24 N 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  44-бап. Жер учаскелерiн объектiлер құрылысы үшiн беру

  1. Объектiлер салу үшiн жер учаскесi сұралған кезде жер учаскесiн таңдау алдын ала жүргiзiледi, оны облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар
қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi жер учаскелерiн беру жөнiндегi өз құзыреттерi шегiнде құратын арнаулы комиссиялар жүзеге асырады.
  Объект салу үшiн, ал қажет болған жағдайларда оның күзет немесе санитариялық-қорғау аймағын белгiлеу үшiн де жер учаскесiн таңдау нәтижелерiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органы жер учаскесiн таңдау туралы актiмен ресiмдейдi. Осы актiге әрбiр жер учаскесiн таңдаудың ықтимал нұсқаларына сәйкес олардың шекарасының жобалары қоса тiркеледi.
  Бұл ретте елдi мекеннiң бас жоспарлары негiзiнде орындалған егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары және (немесе) құрылыс салу жобалары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендердi дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасы), сондай-ақ қонысаралық аумақтарға арналған аудандық жоспарлау жобалары болмаса, жер учаскелерiн құрылыс үшiн беруге тыйым салынады. 

  2. Осы Кодекстiң 43-бабының 2-тармағына сәйкес, жер учаскесiн таңдау актiлерi және жер учаскесi шекарасының жобалары комиссияға қарау және қорытынды әзiрлеу үшiн табыс етiледi.

  3. Комиссияның қорытындысы негiзiнде жерге құқық табыстау туралы жерге орналастыру жобасы әзiрленедi.
  Жерге орналастыру жобасының құрамында берiлетiн жер учаскесiнiң көлемi, оның шекарасы мен орналасқан жерi, жер учаскесiнiң аралас меншiк иелерi және жер пайдаланушылар, сондай-ақ берiлетiн жер учаскесiнiң ауыртпалықтары мен сервитуттары нақтыланады.
  Болжанып отырған, жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қою, мәжбүрлеп иелiктен шығару жағдайында, алып қойылатын алқаптардың түрiне байланысты жер учаскелерiнiң меншiк иелерi және жер пайдаланушылар (жалдаушылар) шығындарының, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасының есептеулерi қоса берiледi.

  4. Жерге орналастыру жобасының негiзiнде жер учаскелерi орналасқан жердегi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органы жерге тиiстi құқық табыстау туралы жергiлiктi атқарушы орган шешiмiнiң жобасын дайындайды.

  5. Мұнай мен газды магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға, одан кейiнгi сақтау және көлiктiң басқа түрлерiне тиеуге байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiнiң құрылысы үшiн жер учаскелерi сұралған кезде жер учаскесiн таңдау aктici және жерге орналастыру жобасы Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен де келiсiледi.

  5-1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге тұрғын үйлер, оның iшiнде жеке тұрғын үйлер салуға осы елдi мекеннiң бекiтiлген бас жоспарына (немесе шағын ауылдық елдi мекендердiң бас жоспарын алмастыратын өзге де жобалау құжаттамасына) сәйкес көрсетiлген жерлердi елдi мекендер жерiнiң санатына ауыстырғаннан кейiн ғана және егжей-тегжейлi жоспарлау жобасы немесе осы учаскелерде құрылыс салу жобасы болғанда ғана жол берiледi. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасының орнын толтыру осы Кодекстiң 105-бабына сәйкес жүргiзiледi.

  6. Өтiнушi немесе оның сенiм бiлдiрген тұлғасы жер учаскесiн бөлiп беруге талап етiлетiн келiсiмдердi жеке-дара қамтамасыз етедi.
  Құрылыс объектiсiн орналастыруға таңдалған аумақта, бұзылуға немесе көшiрiлуге тиiстi (соның iшiнде жердi бөлiп беру кезiнде өнеркәсiп орындарының санитарлық-қорғау аймағына кiретiн) тұрғын үйлер, басқа да ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ инженерлiк коммуникациялар және жасыл екпелер орналасқан жағдайда, тапсырыс берушi шығындарды өтеу талаптары туралы жылжымайтын мүлiкке меншiк иелерiнiң әрқайсысымен жасалған шартты қосымша ұсынады.
  Шартта сол кездегi бар құрылыстарды, инженерлiк коммуникацияларды, жасыл екпелердi басқа жерге ауыстырудың, көшiрудiң нақты шарттары мен мерзiмдерi, құрылыс жүргiзушiнiң жылжымайтын мүлiктi бұзуға байланысты барлық шығындарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелерi көрсетiледi.

  7. Жер учаскесiне құқық табыстау туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi шешiмiнiң жобасында:
  жерге құқық табысталатын заңды немесе жеке тұлғаның атауы;
  жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты;
  жер учаскесiнiң көлемi;
  жерге құқықтар түрi, ауыртпалықтар, сервитуттар;
  учаске төлемақыға берiлетiн жағдайда жер учаскесiн немесе жер пайдалану құқығын сатып алу бағасы, жер учаскесiн сатып алу-сату шарттарын жасасудың мерзiмi мен шарттары;
  учаскелердiң өлшемдерi көрсетiле отырып, жер учаскелерiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қою, мәжбүрлеп иелiктен шығару жүргiзiлетiн жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы;
  өзге де шарттар болуға тиiс.
  Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн, құрылысқа арналған жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты қызмет түрлерiне қарамастан, үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету ретiнде белгiленедi.

  8. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерi сұралған кезде азаматтардың өтiнiштерi (өтiнiмхаттары) арнайы есепке алынады және бөлiп берiлетiн алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшiн пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн
тегiн негiзде беру кезiнде азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшiн мемлекет құқық табыстаған жер учаскесiнiң бар немесе жоқ екендiгi ескерiледi. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органы азаматта мұндай жер учаскелерiнiң бар немесе жоқ екендiгi туралы мәлiметтi жергiлiктi
атқарушы органның жер учаскесiн беру туралы қорытынды әзiрлеуi және тиiстi шешiм қабылдауы үшiн жергiлiктi атқарушы органның жанындағы комиссияға табыс етедi.
  Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi бөлiп беруге арналған алаңдардың дайындығы туралы ақпарат
пен жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн алуға кезектiлiк тiзiмiнiң қолжетiмдiлiгiн оларды кемiнде тоқсанына бiр рет мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру арқылы және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен қамтамасыз етедi.
  Ескерту. 44-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз), 2007.07.06 N 279, 2009.07.10 N 180-IV, 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28